Материалы за Сентябрь 2025 года » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года
«Zhas Activity» жобасы. «Ұстаздық —ұлы қызмет»
29
сентябрь
2025
«Zhas Activity» жобасы. «Ұстаздық —ұлы қызмет»
«Zhas Activity» жобасы* аясында *«Ұстаздық —ұлы қызмет»* тақырыбында Ынталы орта мектебінің жас ұстаздарының атынан мерекелік құттықтау челленджі.   Құрметті ұстаздар қауымы! Біз – жас мамандар, сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Ұстаздық жол – ұлы да жауапты жол. Сіздер бізге тек білім ғана емес, үлкен өмір мектебін үйретіп келесіздер. Шәкіртке деген сүйіспеншілігіңіз бен еңбектің адалдығын бізге үлгі . Ардақты ұстаздар! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қуат,
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” іс-шарасы
25
сентябрь
2025
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ынталы орта мектебінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” іс-шарасы мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласын, ойын алаңдарын және көршілес аумақтарды қоқыстан тазалады, қоқыс жәшіктерін ретке келтіріп, экологиялық тәртіп сақтау ережелерін пысықтады. Оқушыларға экологиялық мәдениет қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында арнайы әңгімелер
«Менің мектебім буллингке қарсы» . Флешмоб
24
сентябрь
2025
«Менің мектебім буллингке қарсы» . Флешмоб
Оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына қоғам назарын аудару, оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру мақсатында 24 қыркүйек күні Ынталы орта мектебінде «Менің мектебім – буллингке қарсы» тақырыбындағы флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа жалпы 45 оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар әлеуметтік желілер мен мектеп ауласында плакаттар ұстап, буллингтің зияны мен оған қарсы тұру жолдары туралы ақпараттар таратты. Іс-шара оқушылардың бір-біріне
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс
22
сентябрь
2025
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мектепішілік ережелерді сақтау, жолда жүру ережелері мен интернеттегі қауіпсіздік мәселелері ерекше аталып өтті. Жиналыста сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындық, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жауапкершілігі талқыланды.
Жаңа оқу жылындағы ата-аналар жиналысы
12
сентябрь
2025
Жаңа оқу жылындағы ата-аналар жиналысы
Ынталы орта мектебінде  әр сыныпта ата-аналарға арналған жиналыстар өткізілді. Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі, мектеп ішкі тәртібі, жолда жүру ережелері және интернеттегі қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар оқу жылының талаптарымен танысып, тиісті келісім-шарттарға қол қойды. Сонымен қатар, сынып жетекшілері оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде ақпарат беріп, ата-аналармен өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайту бағытында пікір алмасты. Жиналыс
Футбол федерациясының Президентін сайлау рәсімі
12
сентябрь
2025
Футбол федерациясының Президентін сайлау рәсімі
Белгіленген Жарғы мен ішкі ережелерге сәйкес, 12 қыркүйек күні Футбол федерациясының Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлауға Федерация мүшелері қатысты. Дауыс беру нәтижесінде сайлау ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде өтті. Сайлау барысында Федерация мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, кандидаттарға сөз берілді. Дауыс беру нәтижелері есептеліп, хаттама рәсімделді. Осылайша, Футбол федерациясының жаңа Президенті заңды түрде сайланды. Сайлау нәтижесі: сайлауға 104 сайлаушы (оның ішінде
"Тіл - баға жетпес байлығым" тақырыбында  өткізілген іс-шаралар
09
сентябрь
2025
"Тіл - баға жетпес байлығым" тақырыбында өткізілген іс-шаралар
Ынталы орта мектебіндне тіл он күндігі аясында әр сынып оқушылары "Тіл – баға жетпес байлығым" тақырыбында қабырға суреттерін әзірлеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Сондай-ақ кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттайтын кітап көрмелері қойылды. Он күндік барысында оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайыстары, сурет байқауы,мақал-мәтелдер сайысы және ана тіліне деген құрметті арттыруға бағытталған түрлі танымдық шаралар өткізілді. Шараға  мектеп
Ыстық тамақ
09
сентябрь
2025
Ыстық тамақ
Ынталы орта мектебінде оқушыларға ыстық тамақ бекітілген кестеге сай уақытылы берілуде. Асхананың тазалығы жақсы деңгейде сақталып, санитарлық талаптар қатаң бақылауда ұсталады. Тамақтану процесін ұйымдастыру барысында тағамдардың сапасы, мәзірдің тартымдылығы және балалардың жас ерекшеліктеріне сай құндылығы ескерілуде. Асхана қызметкерлері арнайы нұсқаулықтармен таныстырылып, гигиеналық талаптарды орындау бойынша инструктаждан өтеді. Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету
Тәрбие сағатындағы қысқа жаттығулар
09
сентябрь
2025
Тәрбие сағатындағы қысқа жаттығулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы хатына сәйкес білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу тапсырмалары енгізіліп, күнделікті сабақ кестесіне жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Аталған жаттығулар оқушылардың оқу барысындағы шаршауын азайтып, зейінін шоғырландыруға, жалпы дене дайындығын жақсартуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етті. Сонымен қатар, педагогтерге жаттығуларды
"Тіл - ұлттың асыл қазынасы"
08
сентябрь
2025
"Тіл - ұлттың асыл қазынасы"
Ынталы орта мектебінде тіл он күндігі аясында "Тіл-ұлттың асыл қазынасы" тақырыбында салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді.  ​​​​​​​​ Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Әр ұлт өз тілін құрметтеп, оны сақтап, дамыта білуі керек. Ана тілі – адамды түп-тамырымен байланыстыратын құндылық. Тілді құрметтеу – елді, жерді, ұлтты құрметтеу деген сөз.Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы сақталып, кейінгі ұрпаққа жеткізіледі. Ана тілі – әр