22
сентябрь
2025
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мектепішілік ережелерді сақтау, жолда жүру ережелері мен интернеттегі қауіпсіздік мәселелері ерекше аталып өтті. Жиналыста сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындық, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жауапкершілігі талқыланды. Педагогикалық ұжым өз тәжірибесімен бөлісіп, қауіпсіздік шараларын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырды. Жиналыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен іс-шаралар бекітіліп, мектепте қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру мақсатында іс-қимыл жоспары әзірленді.