08
сентябрь
2025
"Тіл - ұлттың асыл қазынасы"
Ынталы орта мектебінде тіл он күндігі аясында "Тіл-ұлттың асыл қазынасы" тақырыбында салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. 


Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Әр ұлт өз тілін құрметтеп, оны сақтап, дамыта білуі керек. Ана тілі – адамды түп-тамырымен байланыстыратын құндылық. Тілді құрметтеу – елді, жерді, ұлтты құрметтеу деген сөз.Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы сақталып, кейінгі ұрпаққа жеткізіледі. Ана тілі – әр адамның жүрегіне жақын, ойы мен сезімін еркін жеткізетін баға жетпес байлық. Өз тілін құрметтеген халық ешқашан жоғалмайды, өйткені тіл – ұлттың жаны, рухы. Сондықтан әрбіріміз ана тілімізді үйреніп, таза сақтап, болашаққа аман жеткізуге атсалысуымыз қажет.



