28
ноябрь
2025
«Ақыл мен айла жарысқан дода»
Ынталы орта мектебінде тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті. Ұлттық зияткерлік ойынға деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл жарыста оқушылар өз білімдерін, ойлау жылдамдығын және тактикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Жарысқа қатысқан оқушылар үлкен дайындықпен келіп, қарсыластарымен тартысты ойын өрнегін көрсетті. Олардың ой ұшқырлығы, есептеу қабілеті және жеңіске деген жігері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
🏆 Жарыс нәтижелері:
• 5–6 сыныптар арасында — І орын
• 7–8 сыныптар арасында — І орын
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз арта берсін, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Ұлттық ойынды дәріптеп, мектеп намысын лайықты деңгейде қорғағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
