«Менің мектебім буллингке қарсы» . Флешмоб
Оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына қоғам назарын аудару, оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру мақсатында 24 қыркүйек күні Ынталы орта мектебінде «Менің мектебім – буллингке қарсы» тақырыбындағы флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа жалпы 45 оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар әлеуметтік желілер мен мектеп ауласында плакаттар ұстап, буллингтің зияны мен оған қарсы тұру жолдары туралы ақпараттар таратты.
Іс-шара оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыруға, өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар, флешмоб педагогтер мен оқушылар арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, мектеп қауымдастығында буллингке қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Шара соңында оқушылардың қатысу белсенділігін арттыру мақсатында фотоматериалдар мен қысқаметражды бейнематериалдар дайындалды.