«Сахнадағы шеберлік – Бас жүлдемен бағаланды!»
Облыстық «Театр – тәрбие бастауы» атты театр байқауынан БАС ЖҮЛДЕ! 🏆
Мектебіміздің театр ұжымы облыстық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шығып, Бас жүлдені жеңіп алды! Бұл – ұжымның кәсіби шеберлігін, ынтымағы мен бірлігін көрсеткен зор жетістік.
Оқушылар сахнада өз рөлдерін үлкен жауапкершілікпен орындап, көркем образдарды нанымды жеткізе білді. Сахналық қойылымдағы эмоциялық тереңдік, актерлік қабілет, мәтінді шебер игеру және командалық жұмыс ерекше бағаланды.
Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың талпынысы мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі. Театр жетекшісінің бағыт-бағдары, дайындық барысындағы табандылық пен шығармашылық ізденіс жеңіске жол ашты.
Шығармашылық топқа зор алғыс айтамыз!
Алдағы уақытта да биіктерді бағындырып, өнер жолында жарқырай берейік!

