«Кітап – білім кілті» танымдық демалыс күні
Демалыс күндері балалар кітапханасы жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты тағылымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізу, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
Шара барысында балалар түрлі жанрдағы – ертегі, әдеби шығармалар, танымдық және заманауи кітаптармен танысып, өздеріне әсер еткен тұстарын талқылады. Оқушылардың оқыған кітаптары жайлы пікір білдіруі, ой бөлісуі олардың сөйлеу мәдениетін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыра түсті.
Сонымен қатар, тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу дағдысы, мәтінді түсіну деңгейі және қиялының ұшқырлығы байқалды. Іс-шараға белсенді қатысқан балалар марапатталып, өз жетістіктеріне қуанды.
Шара қорытындысы бойынша:
1 орын – Қожақапан Айым;
2 орын – Өмірсерік Арай;
3 орын – Абылғазы Толғанай иеленді.
Бұл іс-шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, оқуға деген ынтасын күшейте түсті.
