«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектепте тоғызқұмалақ және дойбы ойындары ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сонымен қатар, сайыс кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас орнатуына ерекше көңіл бөлінді. Әр қатысушы ойын ережелерін сақтап, әділдік танытып, өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге тырысты.
Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар табысталды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың рухани дамуына, логикалық ойлауын жетілдіруге және ұлттық ойындарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.
