«Шексіз талант: жас суретшілер байқауы» » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шексіз талант: жас суретшілер байқауы»
31
октябрь
2025
0

«Шексіз талант: жас суретшілер байқауы»

Ынталы орта мектебінде күзгі демалыс іс-шаралары аясында «Шексіз талант» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың қиялы мен эстетикалық талғамын шыңдау болды.

Оқушылар өз қылқаламдары арқылы шексіз сұлу әлемнің түрлі құбылыстарын бейнелеп, табиғат сұлулығын, ой-қиялдағы көріністерді және жан дүниелеріндегі сезімдерді ерекше көркемдікпен жеткізе білді. Әрбір жұмыс өзіндік идеясы, бояу үйлесімі және орындау шеберлігімен ерекшеленді.

Қазылар алқасы шығармаларды бағалау барысында оқушылардың қиял ұшқырлығына, композицияның бірегейлігіне және эстетикалық мәніне назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша:
1-орын – Сарқыт Інжу
2-орын – Жүрсінбекқызы Сәлиха
3-орын – Шаймарданұлы Ералы
марапатталды.

Бұл байқау жас суретшілердің өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік беріп, олардың өздеріне деген сенімін нығайтты және шығармашылыққа деген ынтасын одан әрі арттырды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив