«Кішкентай жүректердегі Отанға деген сүйіспеншілік»
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Бүгін біздің шағын орталықта Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты – балаларға туған елге деген сүйіспеншілікті, тәуелсіздік құндылықтарын және Отанға құрмет сезімін ұялату.
Шара барысында тәрбиеленушілер патриоттық әндер тыңдап, мемлекеттік рәміздер туралы қызықты мәліметтер алды. Балалар мерекеге арнап өлеңдер оқып, билер орындап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, ұстаздар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы қысқаша әңгіме жүргізіп, балалардың танымдық көкжиегін кеңейтті.
Мереке жылы және көтеріңкі көңіл күйде өтті. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілектерін білдірді.
Республика күні құтты болсын!
Отанымыз гүлдене берсін!