«Ұстаз! Сіздің алдыңызда... !» » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаз! Сіздің алдыңызда... !»
05
октябрь
2023
0

«Ұстаз! Сіздің алдыңызда... !»

Ынталы орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаз! Сіздің алдыңызда... !» тақырыбында ұстаздар мерекесі қарсаңында ашық хаттар дайындалды. Мектебімізде талай жылдар ұстаздық қызмет еткен, қарт ұстазымыз Атажанова Қатыш апайымызды құттықтап қайтты.   Мерекелік іс-шара өткізілді. 5 қазан күні «Ұлтымыздың ұлы көшбасшысы-ол мұғалім» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар , мұғалімдер мерекесіне арналған  тәрбие сағаттарына ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып, өз тілектерін білдірді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив