25 қазан Республика күнін мерекелеу » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 қазан Республика күнін мерекелеу
23
октябрь
2023
0

25 қазан Республика күнін мерекелеу

Ынталы орта мектебінде 25 қазан Республика күнін мерекелеу аясында мектепалды даярлық тобы мен шағын орталықта      «Мен –бақытты баламын» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік Мемлекеттік Гимнмен ашылып,   балдырғандардың Республика күніне арналған өлең шумақтарымен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, би биленді. Мерекеге арналған пазлдар құрастырылды. Мектепалды даярлық тобы мен шағын орталықта   «Жасай бер, менің Қазақстаным» тақырыбында асфальтта әртүрлі түсті бормен сурет салды. Балдырғандар көк туымызды, бәйтеректі бейнелеп ерекше әсер қалдырды.                     10-7 сынып оқушылары арасында «Қыран елім-Қазақстан» патриоттық челленджі ұйымдастырылды.Әр сынып Республика күніне арналған құттықтау тілектері мен өлең шумақтарын  сыныптарға жолдап отырды. "Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық акциясын қолдау мақсатында 7-11 сынып оқушылары арнайы бейнеролик түсірді. Челлленджге қатысушылар өз видеоларын  #РеспубликаКүні хэштегімен әлеуметтік желіде жариялады. 9-11 сынып арасында волейболдан жарыс өткізілді. І орынды 11 сынып оқушылары, ІІ орынды 10 сынып оқушылары, ІІІ орынды 9 сынып оқушылары иеленді. 1-4 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік Гимн» айту челленджі өтті. Мақсаты: білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қ
алыптастыруға ықпал ету. 7-9 сынып оқушылары арасында «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында эссе байқауы өтті.  «Менің арманымдағы –Қазақстан» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. І орынды 6- сынып оқушысы Жеңісбекұлы Парасат иеленді. 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай «Мәңгілік жаса, қыран елім , Қазақстаным» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мерекелік іс-шара мақсаты: оқушыларды Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін және Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Кітапханашы Пайыз Балнұрдың ұйымдастыруымен «Отаным-бақыт ордасы !» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив