Жас ақынның жеңісі құтты болсын!
Аудандық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының «Жаз, жаз! Қаламым, жорғала» жас ақындар номинациясында ІІ орын иеленген Қожақапан Айымды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Айымның шығармашылық қабілеті мен өлеңге деген ерекше таланты байқауда жоғары бағаланды. Бұл – еңбектің, ізденістің және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Жас ақынға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🌟 Қаламың талмай, жырларың әрдайым жүректерге жол таба берсін!