06
апрель
2026
Аудандық «Мағжан оқулары» байқауындағы жетістік
Жетісу облысы, Алакөл ауданы бойынша өткен аудандық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсында мектебіміздің оқушысы жүлделі орынға ие болды.
Аталған байқауда «Бәрінен де сен сұлу» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ниязбекқызы Айсымбат өз білімін, шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, 3 орын иелеіп,дипломмен марапатталды.
«Жасымда оқып жүріп, өнер қуған...» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Өмірсерікқызы Арай І орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
«Ақын да бір балағой айға ұмтылған» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Қожақапан Айым 1-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.Жетекшісі – Елубаева Гүлсара Барлыханқызы оқушының дайындығына зор үлес қосып, нәтижелі жұмыс жүргізді.
Жүлдегер оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

