Флешмоб биі » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2026
0

Флешмоб биі

Ынталы орта мектебінде «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында кең ауқымды флешмоб ұйымдастырылды, флешмовқа ескі 90-жылдардың бейнесі арқау етілді. жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі құралдарының зияны туралы түсінікті арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру болды.
Флешмобқа мектеп оқушылары, мұғалімдер және ұйымдастырушылар белсенді қатысып, алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Оқушылар арнайы ұрандар айтып, есірткіге қарсы мазмұндағы плакаттар мен баннерлер ұстап шықты. Сонымен қатар, заманауи музыка ырғағымен орындалған би қойылымдары арқылы жастар өздерінің есірткіге қарсы ұстанымдарын әсерлі түрде жеткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар «Біз есірткіге қарсымыз!», «Салауатты өмір – жарқын болашақ!» сияқты ұрандарды бір ауыздан айтып, қоғамға үндеу жасады. Флешмоб көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жастардың белсенді азаматтық позициясын айқындады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың санасына оң ықпал етіп, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, дұрыс таңдау жасауына және қоғамдағы өз орнын табуына септігін тигізеді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив