Мұғалімдер » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жеңіс жолы – облысқа жолдама!
31
март
2026
Жеңіс жолы – облысқа жолдама!
Аудандық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл байқауда білім мен өнерді ұштастырған үш бірдей шәкіртіміз — Өмірсерікқызы Арай, Қожақапани Айым және Ниязбекқызы Айсымбат өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, аудан намысын абыроймен қорғады. Дарынды оқушыларымыздың бұл жетістігі — табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің және ұстаздарының кәсіби бағыт-бағдарының нәтижесі. Аталған жеңістерінің арқасында
Жаңашыл педагог – табысты ұстаз
26
март
2026
Жаңашыл педагог – табысты ұстаз
Аудандық «МДҰ Үздік педагог» байқауында «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша мектебіміздің ұстазы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Бұл жетістік – ұстаздың шығармашылығы мен кәсіби шеберлігінің, білім берудегі жаңашыл көзқарасының айқын дәлелі. Білім беру саласына тың идеялар енгізіп, оқыту үдерісін жетілдіруге қосқан үлесі үшін марапатталған педагог ұжымымыздың мақтанышы болып табылады. Осындай жетістіктер арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған еңбегі әрдайым жоғары
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
26
февраль
2026
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
Құрметті Асанова Арайлым Талғатқызы! Сізді «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында жүлделі ІІ орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің, шәкірттерге деген ыстық ықыласыңыздың айқын дәлелі. Білім беру саласындағы табыстарыңыз бен шығармашылық ізденістеріңіз әрдайым биік белестерден көріне берсін. Сізге мықты денсаулық, толағай табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Шәкірттеріңіз Сізбен әрдайым мақтана берсін!!!
Жаңашыл ұстаз – жарқын жеңіс!
24
февраль
2026
Жаңашыл ұстаз – жарқын жеңіс!
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» аудандық байқауында Ынталы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қабыл Таңжарық жүлделі 🥉 III орынға ие болды! Ұстазымыз байқауда өзінің кәсіби шеберлігін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсете білді. Оқытудың заманауи технологияларын тиімді пайдаланып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы тың идеяларымен ерекшеленді. Бұл – табандылық пен үздіксіз еңбектің, ізденімпаздық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Білім ордасының биік белестері
24
февраль
2026
Білім ордасының биік белестері
Біздің мектеп – білім мен тәрбие ордасы, талай дарынды түлектерді қанаттандырған қасиетті шаңырақ. Жыл сайын оқушыларымыз білім, өнер және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар жарыстарында жүлделі орындар иеленіп, мектеп мерейін асқақтатуда. Ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында білім сапасы артып, оқушыларымыз республикалық және халықаралық байқауларда табысты өнер көрсетуде. Спорттық жарыстарда да
Тәуелсіздік – ұлттың ең қымбат қазынасы
16
декабрь
2025
Тәуелсіздік – ұлттың ең қымбат қазынасы
https://www.instagram.com/reel/DST6zbFjF0p/?igsh=N3d2OGtkNmRrbmJr Тәуелсіздік – бұл еркін таңдау, жарқын болашаққа деген сенім. Ол бізге ата-бабамыздың ерлігі мен табандылығының арқасында келді. Тәуелсіз ел болу – өз тілімізді, мәдениетімізді, тарихымызды сақтау деген сөз. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – осы еркіндікті қадірлеу, білім алып, елдің дамуына үлес қосу. Тәуелсіздік бар жерде үміт бар, бірлік бар, болашақ бар. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
02
декабрь
2025
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
Республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Оразбекқызы Аяла жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі. Аяланың бұл жетістігі – оның ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы, тиянақтылығы мен талпынысының, сондай-ақ жетекшісі Алтынай Талғатқызының кәсіби бағыт-бағдары мен үздіксіз қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Жоба мазмұны, зерттеу әдісі мен қорғау деңгейі қазылар алқасы тарапынан
«Сахнадағы шеберлік – Бас жүлдемен бағаланды!»
21
ноябрь
2025
«Сахнадағы шеберлік – Бас жүлдемен бағаланды!»
Облыстық «Театр – тәрбие бастауы» атты театр байқауынан БАС ЖҮЛДЕ! 🏆 Мектебіміздің театр ұжымы облыстық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шығып, Бас жүлдені жеңіп алды! Бұл – ұжымның кәсіби шеберлігін, ынтымағы мен бірлігін көрсеткен зор жетістік. Оқушылар сахнада өз рөлдерін үлкен жауапкершілікпен орындап, көркем образдарды нанымды жеткізе білді. Сахналық қойылымдағы эмоциялық тереңдік, актерлік қабілет, мәтінді шебер игеру және командалық жұмыс
Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара
24
октябрь
2025
Республика күні – ұлт мерейін асқақтатқан мерекелік шара
Республика күніне арналған іс-шара өтті Ынталы орта мектебі базасында Республика күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды күн елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін дәріптеп, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухын қалыптастыруды мақсат етті. Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, елеулі кезеңдерге шолу жасады. Патриоттық әндер шырқалып, жүректен шыққан өлеңдер оқылып, ұлттық нақыштағы әсем билер
Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты
23
октябрь
2025
Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты
Директор сағаты өткізілді‼️ 24 қазан күні сағат 15:00-де Ынталы орта мектебінде дәстүрлі директор сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Директор оқушыларға мектептегі тәртіп, оқу сапасы, қауіпсіздік, сабаққа қатысу және үйірме жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Өз кезегінде оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын еркін