16
март
2026
Жас тоғызқұмалақшылардың жарқын жеңісі
Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен тоғызқұмалақтан облыстық Ұлттық мектеп лигасында 7–8 сынып оқушылары арасында Алакөл ауданы командасы ІІ орын иеленді.
Бұл жетістік – оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!



