Галерея » Страница 3
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жырмен өрілген ғұмыр»
19
февраль
2026
«Жырмен өрілген ғұмыр»
Мектебімізде қазақ поэзиясының мұзбалағы — Мұқағали Мақатаев 95 жылдық мерейтойына орай «Жырмен өрілген ғұмыр» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақын шығармашылығын насихаттау және поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру. Қатысушылар Мұқағали жырларынан алған әсерлерін қылқалам арқылы бейнелеп, ақынның өмірі мен өлеңдеріндегі терең ойды көркем түрде жеткізе білді. Әрбір туындыда нәзік сезім, туған жерге деген махаббат пен
«Мәңгілік сарын: Мұқағали поэзиясы»
18
февраль
2026
«Мәңгілік сарын: Мұқағали поэзиясы»
Мектебімізде қазақ поэзиясының Хантәңірі — Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған дәстүрлі мүшайра өтті. Жыр кешінде оқушылар ақынның сырлы да мұңды, отты да өршіл өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Әр қатысушы жүрек үнін жеткізе білді. Мүшайраның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, ана тіліне деген құрметті, поэзияға деген қызығушылықты арттыру. «Поэзия – менімен егіз бе едің?» деген ақын үні бүгінгі жас жүректермен қайта қауышқандай болды.
🏆 Жас балуан – жүлде тұғырында!
20
январь
2026
🏆 Жас балуан – жүлде тұғырында!
Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Жұмабек Мұстафа қазақ күресінен 2011–2012, 2013–2014 ж.т. жасөспірімдер арасында Слямов Дәурен Слямұлын еске алуға арналған аудандық турнирде 46 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иеленді! Аталған дүбірлі дода Алакөл ауданы көлемінде ұйымдастырылып, жас балуандардың шеберлігін шыңдауға, ұлттық спортты дәріптеуге бағытталды. Жарыс барысында Мұстафа өз салмақ дәрежесінде белсенділік танытып, қарсыластарымен тартысты белдесулер өткізді. Табандылығы мен
«Қысқы ғажайып: Қардан жасалған мүсіндер әлемі»
06
январь
2026
«Қысқы ғажайып: Қардан жасалған мүсіндер әлемі»
Қыс мезгілі – табиғаттың ерекше бір сиқырлы шағы. Жер беті аппақ көрпеге оранып, айнала тып-тыныш күйге енеді. Осындай әсем мезгілде адамдардың қиялы оянып, қарапайым қардан сан түрлі бейнелер жасалады. Қардан мүсін жасау – бұл жай ғана ойын емес, ол – өнер, шығармашылық және ортақ еңбектің нәтижесі. Қар – табиғат сыйлаған жұмсақ әрі икемді материал. Оны біріктіріп, пішін беріп, әртүрлі бейнеге келтіруге болады. Балалар аққала жасап қуанышқа бөленсе, үлкендер күрделі мүсіндер жасап, өз
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
05
январь
2026
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
Мектебімізде «Толағай» отбасылық ойыны қызықты әрі көңілді өтті. Бұл ойын ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, бір-біріне деген қолдау мен сенімді арттырды. Қатысушылар түрлі сайыстарда белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.  Ойын барысында достық атмосфера қалыптасып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Толағай» – тек ойын ғана емес, отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлікке үндейтін тамаша шара.  Осындай әсерлі кездесулер алда да жалғасын таба берсін! 
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
02
декабрь
2025
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
Республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Оразбекқызы Аяла жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі. Аяланың бұл жетістігі – оның ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы, тиянақтылығы мен талпынысының, сондай-ақ жетекшісі Алтынай Талғатқызының кәсіби бағыт-бағдары мен үздіксіз қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Жоба мазмұны, зерттеу әдісі мен қорғау деңгейі қазылар алқасы тарапынан
«Көшбасшылыққа қадам: Парламент мүшелерін таныстыру»
11
ноябрь
2025
«Көшбасшылыққа қадам: Парламент мүшелерін таныстыру»
Бүгін мектеп Парламентінің жаңа мүшелеріне куәлік табысталды. Бұл – оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырып, олардың мектеп өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды әрі қуанышты сәттердің бірі болды. Жиын барысында оқушыларға Парламент мүшесі ретіндегі міндеттері түсіндіріліп, мектептегі тәртіп, мәдени іс-шаралар, оқушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Әрбір жаңа мүше мектептің дамуына өз үлесін қосуға дайын екендігін
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
29
октябрь
2025
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектепте тоғызқұмалақ және дойбы ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен қатар, сайыс кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас орнатуына ерекше көңіл бөлінді. Әр қатысушы ойын
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
09
октябрь
2025
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі! Бүгін аудандық Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы музейге тарих пәнінің мұғалімі Айтмухамбетова Динара мен 10-сынып оқушысы Өмірсерік Арай барып, ғылыми жоба жұмысына байланысты құнды ақыл-кеңес алды.  Музей жетекшісі А.А. Аханова тарихи деректер мен материалдар жайлы мағыналы мәліметтермен бөлісіп, зерттеу жұмысының бағыттарын нақтылауға көмектесті. Осындай сапарлар – жас зерттеушілерге өткен тарихымызды терең тануға, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол
Тақырып: Облыстық олимпиадаға қатысу – тәжірибе мен табыс бастауы
09
октябрь
2025
Тақырып: Облыстық олимпиадаға қатысу – тәжірибе мен табыс бастауы
Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған жалпы білім беру ұйымдары оқушылары арасындағы «Дене тәрбиесі» пәнінен облыстық олимпиадаға мектебіміздің оқушысы Ілесбекқызы Меруерт қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Черубаев Қуат. Мақсаты: Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі пәні бойынша білім деңгейін арттыру, спорттық қабілеттерін