🏆 Жас балуан – жүлде тұғырында!
Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Жұмабек Мұстафа қазақ күресінен 2011–2012, 2013–2014 ж.т. жасөспірімдер арасында Слямов Дәурен Слямұлын еске алуға арналған аудандық турнирде 46 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иеленді!
Аталған дүбірлі дода Алакөл ауданы көлемінде ұйымдастырылып, жас балуандардың шеберлігін шыңдауға, ұлттық спортты дәріптеуге бағытталды. Жарыс барысында Мұстафа өз салмақ дәрежесінде белсенділік танытып, қарсыластарымен тартысты белдесулер өткізді. Табандылығы мен қайсарлығының арқасында жүлделі орынға қол жеткізіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, тек жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз. Жаттықтырушысына және қолдау көрсеткен ата-анасына алғыс білдіреміз!