Галерея » Страница 2
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңашыл педагог – табысты ұстаз
26
март
2026
Жаңашыл педагог – табысты ұстаз
Аудандық «МДҰ Үздік педагог» байқауында «Жаңашыл педагог» номинациясы бойынша мектебіміздің ұстазы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Бұл жетістік – ұстаздың шығармашылығы мен кәсіби шеберлігінің, білім берудегі жаңашыл көзқарасының айқын дәлелі. Білім беру саласына тың идеялар енгізіп, оқыту үдерісін жетілдіруге қосқан үлесі үшін марапатталған педагог ұжымымыздың мақтанышы болып табылады. Осындай жетістіктер арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған еңбегі әрдайым жоғары
Жас өнерпазға алғыс хат табысталды
17
март
2026
Жас өнерпазға алғыс хат табысталды
Мектебіміздің оқушысы Асқарқызы Қәусар «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бағыты бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауына қатысып, шығармашылық белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Оқушымыздың өнерге деген қызығушылығы мен талпынысы – үлкен жетістіктердің бастауы. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Жетекшісіне алғыс білдіреміз!
Жас тоғызқұмалақшылардың жарқын жеңісі
16
март
2026
Жас тоғызқұмалақшылардың жарқын жеңісі
Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен тоғызқұмалақтан облыстық Ұлттық мектеп лигасында 7–8 сынып оқушылары арасында Алакөл ауданы командасы ІІ орын иеленді. Бұл жетістік – оқушылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 
«Алтын қазына» байқауында І орын!
11
март
2026
«Алтын қазына» байқауында І орын!
Жетісу облысы, Алакөл ауданы бойынша өткен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бағытындағы балалар шығармашылығының аудандық көрме-байқауында мектебіміздің оқушысы Аскарқызы Кәусар «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша І орын иеленді. Жас өнерпаздың шығармашылық қабілетін дамытып, жетекшілік еткен жетекшісі Мелісова Алтынай. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Жас ақынның жеңісі құтты болсын!
10
март
2026
Жас ақынның жеңісі құтты болсын!
Аудандық Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының «Жаз, жаз! Қаламым, жорғала» жас ақындар номинациясында ІІ орын иеленген Қожақапан Айымды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Айымның шығармашылық қабілеті мен өлеңге деген ерекше таланты байқауда жоғары бағаланды. Бұл – еңбектің, ізденістің және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Жас ақынға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🌟 Қаламың талмай, жырларың әрдайым жүректерге жол таба берсін! 
Жас зерттеушінің табысы
03
март
2026
Жас зерттеушінің табысы
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Асқарқызы Кәусар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша жүргізілген зерделеу жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Зерттеу жұмысында оқушы жазушының шығармашылық мұрасын терең талдап, тарихи тақырыптағы туындыларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты саралады. Ғылыми жоба мазмұнының өзектілігі, жүйелілігі және тұжырымдарының нақтылығы жоғары бағаланды. Жоба жетекшісі Елубаева Гүлсара. Жеңімпаз оқушымыз бен
Мұқағали мұрасы-мәңгілік мұра
27
февраль
2026
Мұқағали мұрасы-мәңгілік мұра
Мектебімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жақын жырларын мәнерлеп оқып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтермен бөлісті. Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа ақын поэзиясының тереңдігін таныту, Отанға, анаға, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу болды. Оқушылар «Үш бақытым», «Аққулар ұйықтағанда» секілді туындылардан үзінділер оқып, көрермендерге ерекше әсер
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
26
февраль
2026
Үздік мұғалім- мектеп мақтанышы
Құрметті Асанова Арайлым Талғатқызы! Сізді «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында жүлделі ІІ орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен тынымсыз еңбегіңіздің, шәкірттерге деген ыстық ықыласыңыздың айқын дәлелі. Білім беру саласындағы табыстарыңыз бен шығармашылық ізденістеріңіз әрдайым биік белестерден көріне берсін. Сізге мықты денсаулық, толағай табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! Шәкірттеріңіз Сізбен әрдайым мақтана берсін!!!
Жаңашыл ұстаз – жарқын жеңіс!
24
февраль
2026
Жаңашыл ұстаз – жарқын жеңіс!
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» аудандық байқауында Ынталы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қабыл Таңжарық жүлделі 🥉 III орынға ие болды! Ұстазымыз байқауда өзінің кәсіби шеберлігін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсете білді. Оқытудың заманауи технологияларын тиімді пайдаланып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы тың идеяларымен ерекшеленді. Бұл – табандылық пен үздіксіз еңбектің, ізденімпаздық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Білім ордасының биік белестері
24
февраль
2026
Білім ордасының биік белестері
Біздің мектеп – білім мен тәрбие ордасы, талай дарынды түлектерді қанаттандырған қасиетті шаңырақ. Жыл сайын оқушыларымыз білім, өнер және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар жарыстарында жүлделі орындар иеленіп, мектеп мерейін асқақтатуда. Ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында білім сапасы артып, оқушыларымыз республикалық және халықаралық байқауларда табысты өнер көрсетуде. Спорттық жарыстарда да