19
октябрь
2024
Республикалық турнирдегі табыс – ұстаз еңбегінің жемісі
Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясы ұйымдастырған жалпы ұстаздар арасындағы республикалық турнирде мектебіміздің мұғалімі Черубаев Қуат 50–59 жас ерекшелігі бойынша бақ сынап, жүлделі II орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
Мақсаты:
Аталған турнирдің басты мақсаты – ұлттық спорт түрі асық атуды насихаттау, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Қорытынды:
Черубаев Қуаттың бұл жетістігі – оның табандылығы мен спортқа деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Республикалық деңгейдегі жүлделі орын – үлкен еңбек пен дайындықтың нәтижесі. Бұл жеңіс жас ұрпаққа үлгі болып, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырары сөзсіз.
