Тақырып: Облыстық олимпиадаға қатысу – тәжірибе мен табыс бастауы
Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған жалпы білім беру ұйымдары оқушылары арасындағы «Дене тәрбиесі» пәнінен облыстық олимпиадаға мектебіміздің оқушысы Ілесбекқызы Меруерт қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі – дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Черубаев Қуат.
Мақсаты:
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың дене тәрбиесі пәні бойынша білім деңгейін арттыру, спорттық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ дарынды және белсенді оқушыларды анықтап, оларды қолдау.
Қорытынды:
Меруерттің облыстық деңгейдегі олимпиадаға қатысуы – оның білімге деген талпынысы мен спортқа қызығушылығының айқын дәлелі. Бұл жетістік оқушы мен жетекшінің бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Алдағы уақытта да оқушыларымыздың осындай білім додаларында белсенділік танытып, жаңа белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.