Ынталы ауылдық округі спортшысының жүгіруден жетістігі
2024 жылы Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай Алакөл ауданы тұрғындары арасында өткізілген аудандық спартакиадада жүгіруден 45 жастан жоғары ұлдар командасы арасында Ынталы ауылдық округінің спортшысы Черубаев Қуат жүлделі I орынға ие болды.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, жылдамдықтарын және төзімділіктерін көрсетті. Черубаев Қуат өз командасымен бірге белсенділік танытып, Ынталы ауылдық округінің намысын абыроймен қорғады.
Мақсаты:
Спартакиаданың негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және әртүрлі жас санатындағы азаматтарды дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру.
Қорытынды:
Черубаев Қуаттың бұл жетістігі – еңбекқорлықтың, табандылықтың және спортқа деген жауапкершіліктің нәтижесі. Ынталы ауылдық округі спортшысын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да мықты денсаулық, қажымас қайрат және жаңа жеңістер тілейміз.