Біз туралы » Страница 4 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің мектебім буллингке қарсы» . Флешмоб
24
сентябрь
2025
«Менің мектебім буллингке қарсы» . Флешмоб
Оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына қоғам назарын аудару, оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру мақсатында 24 қыркүйек күні Ынталы орта мектебінде «Менің мектебім – буллингке қарсы» тақырыбындағы флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа жалпы 45 оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар әлеуметтік желілер мен мектеп ауласында плакаттар ұстап, буллингтің зияны мен оған қарсы тұру жолдары туралы ақпараттар таратты. Іс-шара оқушылардың бір-біріне
Шырша жанындағы сынып қуанышы
24
декабрь
2025
Шырша жанындағы сынып қуанышы
Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі ерекше көңіл күйде өтті. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысты. Шырша жанындағы шат күлкі мен көтеріңкі көңіл күй мерекенің сәнін келтірді. Бұл күн сыныптастар арасындағы достықты нығайтып, жаңа жылға жақсы көңіл күй сыйлады. Алда тек жақсы жаңалықтар, табыстар мен жарқын сәттер болсын! Жаңа жыл баршамызға құтты болсын! https://www.instagram.com/reel/DSup3YXDDjD/?igsh=MWZoMDN3ZWgyZzh6Nw==
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
05
январь
2026
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
Мектебімізде «Толағай» отбасылық ойыны қызықты әрі көңілді өтті. Бұл ойын ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, бір-біріне деген қолдау мен сенімді арттырды. Қатысушылар түрлі сайыстарда белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.  Ойын барысында достық атмосфера қалыптасып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Толағай» – тек ойын ғана емес, отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлікке үндейтін тамаша шара.  Осындай әсерлі кездесулер алда да жалғасын таба берсін! 
Қардан мүсін жасау – қысқы шығармашылық
06
январь
2026
Қардан мүсін жасау – қысқы шығармашылық
Қыс мезгілінде қардан мүсін жасау – балалар үшін қызықты әрі шығармашылыққа толы іс-шара. Бұл шара барысында оқушылар қиялдарын ұштап, өз идеяларын қар арқылы бейнеледі. Әр мүсін ерекше ой мен еңбектің нәтижесі болды. Қармен жұмыс жасау балаларды бірлікке, шыдамдылыққа және ынтымақтастыққа үйретеді. Шығармашылық пен белсенділікке толы бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қысқы көңілді сәттер ұмытылмас естелікке айналды!
Жас актерлеріміздің үлкен жеңісі — Бас жүлде
20
ноябрь
2025
Жас актерлеріміздің үлкен жеңісі — Бас жүлде
"Театр ттәрбие бастауы" байқауында бас жүлдені жеңіп алды! Мектебіміздің өнерге құштар жас сахнагерлері театр өнері байқауында тамаша өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды! Бұл — оқушыларымыздың шығармашылық қабілеті мен сахналық мәдениетін дәлелдейтін үлкен жетістік. Қойылым барысында оқушылар: кейіпкер образын нанымды жеткізіп, сахналық шеберлік пен эмоцияны терең көрсете отырып, көрерменнің жүрегіне жол тапты. Команданың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне олардың талпынысы мен еңбегі,