20
ноябрь
2025
Жас актерлеріміздің үлкен жеңісі — Бас жүлде
"Театр ттәрбие бастауы" байқауында бас жүлдені жеңіп алды!
Мектебіміздің өнерге құштар жас сахнагерлері театр өнері байқауында тамаша өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды! Бұл — оқушыларымыздың шығармашылық қабілеті мен сахналық мәдениетін дәлелдейтін үлкен жетістік.
Қойылым барысында оқушылар:
кейіпкер образын нанымды жеткізіп,
сахналық шеберлік пен эмоцияны терең көрсете отырып,
көрерменнің жүрегіне жол тапты.
Команданың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне олардың талпынысы мен еңбегі, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби бағыт-бағдары үлкен үлес қосты.
Бұл жеңіс – мектебіміздің шығармашылық әлеуетінің тағы бір айқын дәлелі.
Оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып,
алдағы шығармашылық жолда биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Өнер биігінде әрдайым жарқырай беріңіздер!