15
октябрь
2025
«Бояулар әлеміндегі бала қиялы»
Шығармашылық сәт: сурет салу
Бүгін біздің балабақшада балалар өз қиялдарын қағазға түсіріп, жарқын түстермен әсем суреттер салды. Шығармашылық жұмыс барысында бүлдіршіндер түрлі бояуларды пайдаланып, табиғат, жануарлар және өздеріне ұнаған бейнелерді салып, өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Сурет салу – балалардың ұсақ моторикасын, қиялын, ойлау қабілетін дамытатын пайдалы іс-әрекет. Тәрбиешілер әр балаға қолдау көрсетіп, олардың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Балалардың көңілдері көтеріңкі болып, әр сурет ерекше ықыласпен орындалды. Шығармашылыққа толы бұл сәт – кішкентайлардың жан дүниесін байытып, өз-өзіне деген сенімін арттырды.