Мұғалімдер » Страница 2 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өнер — ұлттың асыл қазынасы
17
октябрь
2025
Өнер — ұлттың асыл қазынасы
Өнер — ұлттың асыл қазынасы Ынталы орта мектебінде эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнер — ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шараға пән мұғалімдері, жас мамандар және мектеп ұжымы қатысып, өнер арқылы тәрбие берудің өзекті мәселелерін талқылады. Семинар барысында ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Музыка, бейнелеу өнері, қолөнер және басқа да шығармашылық пәндердің оқушы тұлғасын
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен өткен пайдалы кездесу
15
октябрь
2025
Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен
Бүгін мектебімізде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары, полиция аға лейтенанттары  С.Р. Хаджимұратова мен Э. Мадьярова, және КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жасұлан Мұратұлы Рахиянов  оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, мектеп пен қоғамдағы тәртіп сақтау мәдениеті туралы түсінікті әрі маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар
«Мақтанышқа толы апта: білім, өнер және спорттағы табыстар»
14
октябрь
2025
«Мақтанышқа толы апта: білім, өнер және спорттағы табыстар»
Апталық жиында алдыңғы аптаның қорытындысы жарияланып, оқушыларымыздың білім, өнер және спорт бағытындағы жетістіктері аталып өтті. «Мизам» жылжымалы әдеби жарысында Қожақапан Айым өзінің шығармашылық қабілетімен танылып, жеңімпаз атанды. Бұл – мектеп үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар облыс көлемінде ұйымдастырылған тоғызқұмалақ жарысына қатысқан оқушылар да жоғары нәтиже көрсетті. Өмірсерік Мақтаулы – III орын, Шаймарданқызы Аяжан – III орын, Жүнісбек Маржан – II орын иеленіп, ұлттық ойынды
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті
10
октябрь
2025
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті
«Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті Сәрсенбі күні мектебімізде магистрант мұғалімдердің ұйымдастыруымен «Жоспарлы сабақ – білім сапасының негізі» атты тренинг сабақ өтті. 🎓✨ Тренинг барысында мұғалімдер сабақ жоспарын құрудың заманауи талаптары, оқу мақсаттарын нақты қою, бағалау критерийлерін тиімді пайдалану және сабақты түрлендіріп өткізудің жолдары жайлы жан-жақты талқылады. Қатысушылар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы өзара
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
09
октябрь
2025
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі! Бүгін аудандық Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы музейге тарих пәнінің мұғалімі Айтмухамбетова Динара мен 10-сынып оқушысы Өмірсерік Арай барып, ғылыми жоба жұмысына байланысты құнды ақыл-кеңес алды.  Музей жетекшісі А.А. Аханова тарихи деректер мен материалдар жайлы мағыналы мәліметтермен бөлісіп, зерттеу жұмысының бағыттарын нақтылауға көмектесті. Осындай сапарлар – жас зерттеушілерге өткен тарихымызды терең тануға, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол
Ұстаздар күні құтты болсын!
04
октябрь
2025
Ұстаздар күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз, шәкірттерге бағыт-бағдар берудегі ынта-жігерлеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздердің мейірімдеріңіз, сабырларыңыз бен талапшылдықтарыңыз әрбір оқушының болашағын жарқын етуге зор үлес қосуда. Ұстаз – жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымын қалыптастыратын тұлға. Осы жолда көрсеткен еңбектеріңіз елеулі, атқарған қызметтеріңіз
«Zhas Activity» жобасы. «Ұстаздық —ұлы қызмет»
29
сентябрь
2025
«Zhas Activity» жобасы. «Ұстаздық —ұлы қызмет»
«Zhas Activity» жобасы* аясында *«Ұстаздық —ұлы қызмет»* тақырыбында Ынталы орта мектебінің жас ұстаздарының атынан мерекелік құттықтау челленджі.   Құрметті ұстаздар қауымы! Біз – жас мамандар, сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Ұстаздық жол – ұлы да жауапты жол. Сіздер бізге тек білім ғана емес, үлкен өмір мектебін үйретіп келесіздер. Шәкіртке деген сүйіспеншілігіңіз бен еңбектің адалдығын бізге үлгі . Ардақты ұстаздар! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қуат,
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс
22
сентябрь
2025
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мектепішілік ережелерді сақтау, жолда жүру ережелері мен интернеттегі қауіпсіздік мәселелері ерекше аталып өтті. Жиналыста сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындық, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жауапкершілігі талқыланды.