Біз туралы » Страница 20 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бәрекелді!!!
27
апрель
2021
Бәрекелді!!!
Аудандық Қадыр Мырза Әлі онлайн оқуында "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" номинациясында  Ынталы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхаметқалиұлы Қайсар III орын иеленді.  Г.Б.Елубаева жетекшілігімен қатысқан оқушымызға аталмыш бәйге оңай болмады. Онлайн форматта  өлең жазып, оны жеткізе білу өткір қалам мен озық ойды қажет ететінін ескерсек, Қайсар ақынымыздың еңбегі бағаланды. Мектеп ұжымы атынан Қайсарға мол шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейміз! 
Мұғалімге, сынып жетекшіге арналған НҰСҚАУЛЫҚ
23
август
2021
Мұғалімге, сынып жетекшіге арналған НҰСҚАУЛЫҚ
«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ Мұғалімге, сынып жетекшіге арналған НҰСҚАУЛЫҚ ЖАЛПЫ Алдарыңызға ұсынылып отырған нұсқаулықтың негізгі мақсаты – педагогикалық қызметкерлердің (мұғалім, сынып жетекшісі) лауазымдық міндеттерін анық айқындап, жұмыс барысындағы қарым-қатынасты реттеуге септігін тигізу. Бұл жерде жұмыс кезінде туындайтын сұрақтарға жауаптар қарастырылған.
Тіл мерекесі құтты болсын!
07
сентябрь
2023
Тіл мерекесі құтты болсын!
5—қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай мектебімізде мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиынға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.  Жиында алғашқы құттықтау сөзді Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Елубаева алып,  мектеп ұстаздары мен оқушыларын мерекемен құттықтады.  Жиын соңында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Рысбекқызы Тілдер мерекесімен қатар келген А. Байтұрсынұлының, 151жылдығына арнайы дайындалған  фото көрмені оқушылардың назарына ұсынды.
"Өшпес ғұмыр-өміршең жыр..."
15
февраль
2021
"Өшпес ғұмыр-өміршең жыр..."
Ауданымызда қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Өшпес ғұмыр-өміршең жыр..." атты Мұқағали оқулары өтті.  Аталмыш шара барысында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Ниазбекқызы Балғын бірнеше беттен тұратын көлемді поэмаларын жаттап II орын иеленді. Жетекшісі Тоқтыбаева Жадыра Жанбулатқызының айтуынша поэма жаттау оңай шаруа болмаған, деседе де, Балғын жақсы жаттап, мақамын да сала білді. Мектеп ұжымы жеңімпазымызға  сәттілік пен жеңістер тілейді!  
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Санжар Қайратұлы
04
апрель
2022
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Санжар Қайратұлы
Мен Қалиев Санжар Қайратұлы 1998 жылы 24 қазанда Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келдім. 2005 жылы мектеп табалдырығын Үшарал қазақ гимназиясында аттадым,2009 жылы Үшарал қазақ гимназиясынан Үшарал №1 орта мектепке ауыстым,2016 жылы мектеп қабырғасын аяқтап 2016 жылы Шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университетіне дене шынықтыру пәні мамандығына оқуға түстім. 2020 жылы «Тоқжайлау орта мектебіне» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа кірдім. 2021-2022 жылғы оқу
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан
14
апрель
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан