Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан
14
апрель
2022
0

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нүсіпқан Қадырсұлтан

Ынталы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті және көркем еңбек пәні мұғалімі
Нүсіпқан Қадырсұлтан- Әлем Халықтары жазушылар одағының мүшесі. ҚР жас суретшілер одағының мүшесі. Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі. Еуразия дизаинер  одағының мүшесі(Алтын медал иегері). Алакөл аудандық мәслихат депутаты. Ұстаз.
Қадырсұлтан- 1987 жылы ҚХР Алтай аймағы, Шыңгіл ауданында дүниеге келген. 2008 жылы ата-мекеніне оралған. 2013 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің бейнелеу өнері және сызу мамандығын үздік нәтижемен бітірген. 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын аяқтаған.
Нүсіпқан Қадырсұлтан 2013 жылдан бері Ынталы ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесінде жастар саясатының әдіскер маманы және Ынталы орта мектебінде қосымша бейнелеу өнері, қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеген.
      Жас ақын, талантты суретші. «Көңіл сыйы» жыр жинағы мен «Суретшілер тілі» көркем сурет альбомдарының авторы.
        2016 жылы «бейнелеу өнері» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өттім. 2021 жылы педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту курсынан өттім. 2021 жылы «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлауды ұйымдастыру» тақырыбындағы біліктілігін арттыру курсына қатыстым.
      Ынталы орта мектебінде бүгінгі күнде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беремін. Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға күн сайын тырысып келемін. Бүгінгі уақытта сабағымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын көбірек қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп атап айтсақ артық болмс.
      Ынталы орта мектебінен түлеп ұшқан мықты шайыр түлектерде аз емес. Әдебиет әлемінде өздерінің жаңа есімдерін жаза бастаған жалынды шәкірттер аудан, облыс, республика көлеміндегі әдеби байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізіп отырды. Атап айтар болсақ;
Оқушы жетістігі:
Аудандық "Туған жерім – жыр елім" атты жас ақындар мүшәйрасында 10-сынып оқушысы  Жақыман Жанболат орын 2017ж.
Аудандық "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты ақындар мүшайрасында Рысбек Бағдар  ІІІ орын 2017ж.
Аудандық "Тас жүректі тіліммен тілімдедім..» атты жас ақындар мүшайрасында Сәрсен Бекзат ІІ орын 2018ж.
Республикалық «Мағжан оқулары» байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша Жұман Айбота I орын иегері.2018ж.
Республикалық «Шаханов оқулары» байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша Солтанбекқызы Медина  ІІІ орын иегері. 2019жыл.
Аудандық "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" шығарма байқауында Ілгербекқызы Ләззәт ІІ орын 2019ж.
Аудандық "Тіл- рухани қазынам» атты жас ақындар мүшайрасында Рысбек Бағдар  ІІ орын 2020ж.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және тілдер мерекесі күніне орай өткізілген "Тіл және тәуелсіздік" атты жас ақындар мүшайрасында 9-сынып түлектері Ниазбек Балғын жүлделі I орынды жеңіп алса, ал Өмірханқызы Балжан  II орынға ие болды. 2021жыл.
Мұғалім жетістігі:
Қазақстан педагоктар қауымдастығынан «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісінің иегері; 2017ж.
 Қарағанды облысы әкімдігінің «Қайнар» жастар номинациясының жеңімпазы және «Жылдың жас ақыны», «Жылдың жас суретшісі» номинациясының жеңімпазы, 2011ж
«Жастар шығармашылығы фестивалының» лауреаты;2012ж
 2010-2012 Халқаралық «Ұрпаққа аманат» өнер фестивалінің 1-орын иегері; 2016 жыл.
 Халқаралық «Алматы-алтын бесігім» өнер фестивалінде көркем сурет бойынша «Зуқа батыр» номинациясының иегері, 2016 жыл;
 Астана қаласында өткен Халқаралық жастар шығармашылық «Шабыт» фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша дипломант атанды,2017 жыл;
 Алматы облыстық «Экстремизмге жол жоқ» тақырыбындағы сурет, постерлер байқауының 1-орын иегері, 2017 жыл.
 Республикалық «Жетісу балалар кітапханасы» аталымында өткен Иллюстрациялық бағыттағы суретшілер байқауының жеңімпазы, 2017ж; 
Қазақстан Республикасы Евразия дизаинер одағының «Алтын медал» иегері, 2018ж.
Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшыы Е.Жакуповтың "Үздік нұсқаушы" номинациясы. 2018ж
Алматы қаласының 1002 жылдық мерейлі мерекесінде "Алматы аңсарым" атты Республикалық жас ақындар мүшайрасының жүлделі 3-орын иегері. 2018ж
"Республикалық М.Шаханов оқулары" бірлестігі орталығының алғыс хаты. 2019ж
"Қасиетті қазақ елі" халқаралық өнер фестивальіне ат салысқаны үшін "Отандастар қоры" КЕАК Президенті Н.Әбілкаевтың алғыс хаты. 2019ж
"Педагок мәртебесін көтеру-жаңашыл мұғалімді қалыптастырудың бастауы" атты Республикалық шығарма байқауының жүлделі 1-орын иегері. 2019ж
Қазақстан республикасының тұңғыш президенті-елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты. 2020 жыл.
Қазақстан Республикасы суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісханның алғыс хаты.2020 жыл.
Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың алғыс хаты.2020 жыл.
Абайдың 175 жылдығына орай өткізілген "Бейнелеу өнеріндегі Абай бейнесі" тақырыбындағы Алакөл аудандық суретшілер байқауының бас жүлдесі.2020жыл.
Қырғыздың атақты жазушысы Ш.Айтыматов пен жас шайыр ақыны Элмирбек рухына арналған Халықаралық мүшайраның 3-орын иегері. 2020жыл.
Алматы облыстық касіпқой суретшілер көрмесінде " Үздік композиция" номинациясының иегері.2020 жыл.
М.Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген "Ғасыр құрдасымен сырласу"атты Халықаралық онлайын сурет байқуының жүлделі III орын иегері. 2021 жыл.
Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен «Ақ қауырсын» облыстық  байқауында поэзия аталымы бойынша 3-орын иегері. 2021жыл.
Республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауында «Үздік иллюстрация» номинациясы бойынша 2-орын иегері. 2021жыл.
Нүсіпқан Қадырсұлтан сайт бетіндегі шығармалары;
Нүсіпқан Қадырсұлтан | Әдебиет порталы (adebiportal.kz)
Қадырсұлтан Нүсіпқан | Қазақстанның жаңа есімдері (ruh.kz) 
Қадырсұлтан Нүсіпқан. Боздауық бояулар | Мәдениет порталы (madeniportal.kz)
Нүсіпхан Қадырсұлтан | Блог библиотеки им. Гоголя (karlib.kz)
Ең қысқа әңгіме. Қадырсұлтан Нүсіпқан (egemen.kz)
Нүсіпқан Қадырсұлтан. БІР АРМАН | Zhasalash
https://urker.kazgazeta.kz/news/562
"БІРДЕ-БІР АДАМ ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ": ЕЛБАСЫ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАДЫ - «JETISÝ» gazeti (7-su.kz)
Түркінің қара ұлымын (qamshy.kz)
"Тілді жерлеу" Нүсіпқан Қадырсұлтан - YouTube
Қыстың қызықты бәсекесі (qazaqtimes.com)
Қадырсұлтан Нүсіпқан өлеңдері - Шалқар газеті (shalqar.kz)
ҚАЛАМ СҮЙГЕН ЖҮРЕК бағдарламасында Қадырсұлтан НҮСІПҚАН - Скачать бесплатно mp3 (mp3rax.com)
Алакөл ауданындағы аламан бәйге (ФОТО) - Атажұрт|01 Қаңтар 2016, 00:00 (baq.kz)
Аңшы мен қарлығаш (ертегі) (bugin.kz)
Qalamger.kz::-Қаламгер порталы
Ұлттық ұлылығы - салт-дәстүрінде | “Адырна” ұлттық порталы (adyrna.kz)
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив