Галерея
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
02
декабрь
2025
«Ізденіс пен еңбектің жемісі — Аяланың жеңісі»
Республикалық “Зерде” ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Оразбекқызы Аяла жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II орын иеленді! Бұл – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің жемісі. Аяланың бұл жетістігі – оның ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы, тиянақтылығы мен талпынысының, сондай-ақ жетекшісі Алтынай Талғатқызының кәсіби бағыт-бағдары мен үздіксіз қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Жоба мазмұны, зерттеу әдісі мен қорғау деңгейі қазылар алқасы тарапынан
«Көшбасшылыққа қадам: Парламент мүшелерін таныстыру»
11
ноябрь
2025
«Көшбасшылыққа қадам: Парламент мүшелерін таныстыру»
Бүгін мектеп Парламентінің жаңа мүшелеріне куәлік табысталды. Бұл – оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырып, олардың мектеп өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды әрі қуанышты сәттердің бірі болды. Жиын барысында оқушыларға Парламент мүшесі ретіндегі міндеттері түсіндіріліп, мектептегі тәртіп, мәдени іс-шаралар, оқушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Әрбір жаңа мүше мектептің дамуына өз үлесін қосуға дайын екендігін
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
29
октябрь
2025
«Күзгі демалыс – білім мен ой-өрісті дамыту кезеңі»
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектепте тоғызқұмалақ және дойбы ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Мұндай зияткерлік ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен қатар, сайыс кезінде оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынас орнатуына ерекше көңіл бөлінді. Әр қатысушы ойын
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
09
октябрь
2025
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі!
Тарих – өткеннің ізі, болашақтың іргесі! Бүгін аудандық Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы музейге тарих пәнінің мұғалімі Айтмухамбетова Динара мен 10-сынып оқушысы Өмірсерік Арай барып, ғылыми жоба жұмысына байланысты құнды ақыл-кеңес алды.  Музей жетекшісі А.А. Аханова тарихи деректер мен материалдар жайлы мағыналы мәліметтермен бөлісіп, зерттеу жұмысының бағыттарын нақтылауға көмектесті. Осындай сапарлар – жас зерттеушілерге өткен тарихымызды терең тануға, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол
🏆 ЖЕҢІС! JASTAR CUP – 1 ОРЫН! 🎉
07
октябрь
2025
🏆 ЖЕҢІС! JASTAR CUP – 1 ОРЫН! 🎉
🏆 ЖЕҢІС! JASTAR CUP – 1 ОРЫН! 🎉 Біздің мектебіміздің оқушыларынан құралған “Ынталы” КВН командасы “Jastar Cup” жайдарман ойынында ерекше өнер көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды!!! Бұл жеңіс – олардың бірлігінің, тапқырлығының, еңбекқорлығының және шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Команда мүшелері өздерінің әзіл-қалжыңға құрылған сапалы бағдарламасымен көрермендерді тәнті етіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жайдарманшылар мектеп беделін көтеріп, оқушыларға үлгі боларлықтай өнер
Ұстаздар күні құтты болсын!
04
октябрь
2025
Ұстаздар күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз, шәкірттерге бағыт-бағдар берудегі ынта-жігерлеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздердің мейірімдеріңіз, сабырларыңыз бен талапшылдықтарыңыз әрбір оқушының болашағын жарқын етуге зор үлес қосуда. Ұстаз – жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымын қалыптастыратын тұлға. Осы жолда көрсеткен еңбектеріңіз елеулі, атқарған қызметтеріңіз
"Ақылды қария, ағынды дария". 1 Қазан – Қарттар күні құтты болсын!
01
октябрь
2025
"Ақылды қария, ағынды дария". 1 Қазан – Қарттар күні құтты болсын!
1 Қазан – Қарттар күні Құрметті ардагерлер, қадірлі қарттар! Бүгін – өмірдің барлық сынағынан сүрінбей өтіп, ұрпақ тәрбиелеп, елге адал қызмет еткен асыл жандарға құрмет көрсетілетін ерекше күн. Бұл күн – сіздердің еңбектеріңізді бағалап, даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибеңізге тағзым ету күні. Сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін үлкен қазына, әрбір айтқан тәліміңіз – баға жетпес мұра. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз бен тыныш өміріміз – сіздердің маңдай терлеріңіз бен табанды