Өнер — ұлттың асыл қазынасы
Өнер — ұлттың асыл қазынасы
Ынталы орта мектебінде эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнер — ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Шараға пән мұғалімдері, жас мамандар және мектеп ұжымы қатысып, өнер арқылы тәрбие берудің өзекті мәселелерін талқылады.
Семинар барысында ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Музыка, бейнелеу өнері, қолөнер және басқа да шығармашылық пәндердің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды. Мұғалімдер оқушыларды ұлттық өнерге баулудың заманауи жолдарын көрсетіп, авторлық жұмыстарын, әдістемелік материалдарын таныстырды.
Қатысушылар топтық және шығармашылық жұмыс түрлеріне белсене қатысып, өнердің адам жанын тәрбиелейтін құдіретін, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызын ерекше атап өтті. Семинар қорытындысында өнер пәндерінің оқушылардың рухани әлемін байытуға, олардың ұлттық болмысын сақтауға қосар үлесі зор екені тағы бір мәрте айқындалды.
Өнер — рухтың айнасы, ұлттың мәңгілік мұрасы!
https://www.instagram.com/reel/DP52cN5DOr-/?igsh=MXFvaXIzYmZraXptYQ==