02
октябрь
2025
Мектебіміз – ШЖМ арасында І орын иегері!
Шағын жинақталған мектептер арасында І орын иелендік!
Біздің мектебіміз үшін үлкен қуаныш!
Шағын жинақталған мектептер арасында өткен білім, тәрбие және шығармашылық бағыттағы байқауда мектебіміз І орын иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жетістік – мектеп ұжымы, ұстаздар, оқушылар және ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі.
Оқушыларымыз аса белсенділік танытып, өз білімдерін, талпынысын, шығармашылық қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсетті. Ал ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен талапшылдығы бұл жеңістің басты себептерінің бірі болды.
Мектебіміздің осындай биіктерден көрінуі – біздің ортақ еңбегіміздің бағалануы, болашаққа деген сеніміміздің артуы.
Жетістікпен құттықтай отырып, барлық ұстаздар мен оқушыларға жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Биіктен көріне берейік!