Дамуға бағытталған диалог: директор сағаты
Директор сағаты өткізілді‼️
24 қазан күні сағат 15:00-де Ынталы орта мектебінде дәстүрлі директор сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Директор оқушыларға мектептегі тәртіп, оқу сапасы, қауіпсіздік, сабаққа қатысу және үйірме жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Өз кезегінде оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын еркін қойды. Әрбір пікір назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл ашық форматтағы кездесу оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасындағы байланыс орнатуға, өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Мақсат — оқушылармен ашық диалог құрып, мектеп дамуына бірлесе үлес қосу!