Мектеп президенті – жаңа есім, жаңа бастама!
Ынталы орта мектебінде мектеп президентінің сайлауы өтті!
Бүгін Ынталы орта мектебінде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп президентін сайлау науқаны өз мәресіне жетті. Сайлау үдерісі ашық әрі демократиялық форматта өтіп, әр оқушы өз дауысын еркін білдіруге мүмкіндік алды.
Үміткерлер өздерінің бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар белсенді қатысып, болашақ президентке деген өз көзқарастарын дауыс беру арқылы білдірді.
Дауыс нәтижелері бойынша Жұмағали Кәусар Ынталы орта мектебінің жаңа президенті болып сайланды! Бұл жеңіс – оның жауапкершілігі мен көшбасшылық қабілетіне деген сенімнің көрсеткіші.
Кәусарды құттықтай отырып, жаңа бастамалар мен игі жобаларды жүзеге асыруда табыс, жігер және жарқын жетістіктер тілейміз!
Мектебіміздің дамуына тың серпін беретін сәтті қадамдардың басы болғай!