Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда . Полиция қызметкерлерімен өткен пайдалы кездесу
Бүгін мектебімізде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері –
ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары, полиция аға лейтенанттары С.Р. Хаджимұратова мен Э. Мадьярова,
және КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жасұлан Мұратұлы Рахиянов оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, мектеп пен қоғамдағы тәртіп сақтау мәдениеті туралы түсінікті әрі маңызды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар буллингтің зардабы, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі қауіпті әрекеттерден сақтану жолдары кеңінен сөз болды.
Полиция қызметкерлері нақты өмірлік жағдайлардан мысал келтіре отырып, заң талаптарын бұзудың салдары мен әр азаматтың қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы рөлін түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, олардың дұрыс бағытта ойлануына, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуіне зор ықпал етеді. Мектебіміз құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесін әрдайым басты назарда ұстайды.