"Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы" атты жиналыс өткізілді » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы" атты жиналыс өткізілді
20
сентябрь
2023
0

"Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы" атты жиналыс өткізілді

Бүгін 20 қыркүйек күні Ынталы орта мектебінде "Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында кездесу жиналысы өтті. Аталмыш жиналысқа мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары,  ұстаздар және ауданнан арнайы шақырылған қонақтар  қатысты.  
Жиын барысында Алакөл АПБ-ның ЖПҚ-ның ЮПТ-ның инспекторы полиция  лейтенанты Р. Б Мырзакулбек және АПБ ЖПҚБ Жасөспірімдер жөніндегі инспектор, аға лейтенант Қ. Т Ахванова оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында,  жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру мақсатында "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, жыныстық қол тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Алакөл аудандық орталық аурухана мекемесінен дәрігер-нарколог Саятова Баршагүл Ахатовна мен психолог маманы Кабдрасилова Сандуғаш Асқарқызы қатысып,  оқушыларға нашақорлықтың алдын алу,  салауатты өмір салтын қалыптастыру,  Синтетикалық есірткіні пайдаланбау,  улы шегімдік,  ішімдікке қарсы іс-қимылды күшейтуге шақырды.  Бағасының арзандығымен,  айқын психотроптық әсерімен,  тәуелділіктің жылдам қалыптасуымен ерекшеленетін жаңа психотроптық заттарға жоламауға үндеді. 
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы екені сөзсіз, келелі кездесу жиналысында тамаша тағылымдар айтылды. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген кейбір түйткілді мәселелер туралы өз сұрақтарына жауап ала білді. Сауалнама жүргізіліп,  түнгі рейд жұмыстарының да күшейтілетіні құлақ қағыс етілді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив