“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” атты педагогикалық ұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мектепішілік ережелерді сақтау, жолда жүру ережелері мен интернеттегі қауіпсіздік мәселелері ерекше аталып өтті. Жиналыста сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындық, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жауапкершілігі талқыланды.