02
сентябрь
2025
Тәрбие сағаты
Ынталы орта мектебінде " отаным - Қазақстан" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Отан – әр адамның туып-өскен жері, кіндік қаны тамған топырағы. Біз үшін ол – бай тарихы бар, кең-байтақ даласы бар, тәуелсіздігіне қастерлі Қазақстан. Қазақ елі ежелден еркіндік пен бірлікті жоғары бағалаған халық. Бабалар аманат еткен жер мен елді сақтау – әрбір азаматтың қасиетті парызы.
Қазақстан – бүгінде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін бейбіт мемлекет. Елордамыз – Астана күн сайын көркейіп, дамып келеді. Еліміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің тәуелсіздігіміздің белгісі, мақтанышымыз. Оларды құрметтеу – елге деген құрмет.