Нашақорлыққа байланысты жиналыс өтті » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нашақорлыққа байланысты жиналыс өтті
16
май
2025
0

Нашақорлыққа байланысты жиналыс өтті

«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы

оқушыларға арналған   жиналыстың

Хаттамасы №5

Ынталы ауылы                                                         16.05.2025ж.

Қатысқандар: 60


  • 7-11 сынып оқушылары
  • Ауыл медбикесі
  • Алакөл АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы


Күн тәртібінде:

1. «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында түсіндіру.

2. 7-11 сынып оқушыларына нашақорлықтың зияны туралы түсінік беру.

3. Түрлі мәселелер (Интернет ойындарының алдын алу, Суицидтың алдын алу, мерекелік күндер көкке шықпау, буллингке жол бермеу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау)


Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша Алакөл АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Мадьярова Элла Мадьяровна сөз алды: 

       «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» 2023-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы бізге өте құнды, өзекті мәселеленің бірі деп білемін. Жетісу облысы  Полиция  Департаментінің тапсырмасына сәйкес,  білім алушы жастарға есірткі құралдарын ерте сатысында қолдану фактілерін анықтау   тұрғысынан  мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орынның студенттері арасында ерікті медициналық тестілеуде жүргізілгенін білесіздер.  

     Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес – еліміздің тұрақты дамуына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. 

Кешенді жоспардың негізгі мақсаттары:

- қоғам үшін аса қауіпті, әсіресе, синтетикалық препараттардың таралуының жолын кесу, олардың қолжетімділігін төмендету;

- нашақорлықты ерте анықтау жүйесін енгізу;

- есірткі қолданатын адамдардың шынайы және нақты есебін қалыптастыру;

- уәкілетті органның құзыреті мен мәртебесін арттыру;

- материалдық-техникалық жағдайды нығайту.


   Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде, қаупсіздік шараларын басты назарда ұстауларыңызды сұраймын.


Ынталы ауылдық округінің медбикесі Нуркадамова Қарлығаш;


     Ия, қарап отырсақ, Премьер-Министр есірткінің таралу проблемасы барған сайын өршіп бара жатқанын айтты. Атап айтқанда, синтетикалық есірткі жылдан жылға қолжетімді болып барады. Олар Интернет, пошта арқылы және «жасырын жерлер», анонимді электрондық төлемдер сияқты жаңа тәсілдермен таратылуда. Бұл тәсілдердің бәрінде «есірткіні сатушы мен тұтынушы» арасындағы өзара бетпе-бет байланыс болмайды, сондықтан қазір есірткі сатушылар мен тұтынушыларды құрықтау әлдеқайда қиын.
 
       «Есірткі сайттарын және осыған ұқсас хабарландыруларды анықтау және бұғаттау тетіктерін жетілдіру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ есірткі айналымына байланысты ақша аударымдарына тыйым салу мәселелерін пысықтау қажет», — деп Әлихан Смайылов мырзада өз сөзін жеткізген болатын. 

      Біз бүгінгі таңда әрбір баланың болашағы үшін оның ең бастысы оның денсаулығын, салауатты өмір салтын ұстау керектігін баса түсіндіруіміз тиіс. 


Алакөл АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Хаджимуратова Сабина Расулқызы өз сөзінде:


    Түрлі мәселелердің ең басында қаралатын дүние,  интернет ойындарының алдын алу, ол үшін әрине, ең алдымен мектептің ішкі тәртібіне сай мектепте албаты телефон ұстамауды қадағалау. Оқушылар арасындағы әлімжеттік, құқық бұзушылыққа жол бермеу. Сондай-ақ,  суицидтың алдын алуымыз тиіс. Өзін-өзі төмен бағалау немесе тығырыққа тірелген оқушы үшін  алғашқы көмек   қолды соза білуіміз тиіс. Қаупсіздіктің алдын алу мәселелерінде ұмыт қалдырмаған дұрыс, әсіресе, жазғы демалыс кезінде , қалаға, көлге жұмысқа барғандар үшін, темірдей  тәртіп пен ата-ананың қадағалауы мықты болғаны дұрыс. 


Шешім:


  • Оқушылардың қаупсіздігін сақтауды қамтамасыз ету іс-шаралары күшейтілсін. 
  • Мектептің ішкі тәртібі басты қадағалауда ұсталсын.




  Төрайым:                  С.Басканбаева

  Хатшы:                      Қ.Нүсіпқан


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив