16
май
2024
Рухани кездесудің мәні бөлек
Балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау мақсатында аудандқ теолог инспекторы Танысбаев Саят Слямжанұлымен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге 9-11 сынып оқушыларымен мектеп диреторының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологі қатысты. Жиын барысында теолог маман эсктремизм мен терроризмге қарсы идеологияны қалыптастыратын арнайы бейнеролик пен слайдтар көрсетті. Сонымен қатар суицидтің алдын алу, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлап, үлкенге –құрмет, кішіге-ізет білдіруге шақырды. Және де тыйым салынған сайттар мен діни, теріс ағымдағы топтарға кірмеу керектігін тілге тиек етті.