Білім сапасын жақсартудағы белсенді әдіс-тәсілдерді, платформаларды қолдану » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім сапасын жақсартудағы белсенді әдіс-тәсілдерді, платформаларды қолдану
08
февраль
2023
+5

Білім сапасын жақсартудағы белсенді әдіс-тәсілдерді, платформаларды қолдану

08 ақпан 2023 жылы «Білім сапасын жақсартудағы белсенді әдіс-тәсілдерді, платформаларды қолдану» тақырыбында мектеп ұстаздарымен коучинг өткізілді.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде.  Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсары бекерден бекер айтпаған. Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білуі керек.
Білімді және тәрбиелі , дүниетанымы кең , ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшін - сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат - мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу оның өзін белсенді жағдайға қоятын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.
Қазіргі инновациялық технологиялар-білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.
Жалпы орта білім беру жүйесінің қазіргі талаптары білім беру үдерісін үнемі дамытып отыруды қажет етеді. Сапаны арттырудың және білім беруді дамытудың негізгі белгілерінің бірі-әдістемелік деңгейді арттыру болып табылады. Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол-оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай таңдап алу қажет. Сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдердің өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауының жүзеге асуы бүгінгі біз тәрбиелеп отырған білімді ұрпақтың қолында.
Назарларыңызға рақмет!
Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!

08022023-ds-tslder.pdf [1,74 Mb] (cкачиваний: 22)
Посмотреть онлайн файл: 08022023-ds-tslder.pdf