Мектеп директоры » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022
0

Мектеп директоры

       

  Басқанбаева Сандуғаш Жұмабайқызы 1974 жылы 9 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келдім.

     1981 жылы жылы Ынталы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып ,1991 жылы аталмыш білім ордасын үздік аяқтадым.

1991-1995 ж  Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептеріндегі мамандығын бітірдім.

2007-2009 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 1991 ж Ынталы орта мектебінде аға вожатый, 1992 жылы   қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі 1993 жылы Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы № 18 мектепте  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1995-2018 жылдар аралығында Үшарал қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ынталы орта мектебінің мектеп директоры лауазымын атқарудамын. 

Жыл сайын пән бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімімді жетілдіріп отырамын. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші ( ілгері) деңгейін аяқтаған көшбасшы ұстазбын, сертификатталған мектеп тренерімін.Қазіргі уақытта жоғарғы санатты,зерттеуші ұстазбын. 

30 жыл  еңбек өтілімде Аудандық «Үздік қазақ тілі мұғалімі» кәсіби байқауының женімпаздарымын, Облыстық «Үздік қазақ тілі мұғалімі » байқауы 1 орын иелендім. «Сәкентану» авторлық бағдарлама авторы, Республикалық,Халықаралық ғылыми-конференцияларға басылмым жарияланған, Республикалық газет-журналға жыл сайын мақалаларым,ҚМЖ жариялап отырамын.

Шәкірттерім аудандық,облыстық,Республикалық  түрлі байқаулардың, Облыстық пән олимпиадасы,Республикалық «Ақ бота», Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұйымдастырған дарындылар байқауының, Қашықтықтан өтілген  Республикалық пәндік олимпиадалардың, Дарын орталығының олимпиадаларының,Республикалық «Мұқағали,Жамбыл,Фариза» оқуларының жеңімпаздары. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив