Ынталы орта мектебінің тарихы » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ынталы орта мектебінің тарихы
05
январь
2015
0

Ынталы орта мектебінің тарихы

Ынталы орта мектебінің тарихы өзінің бастауын ертеректен алады.       1933 жылы Әмір Тиірменов ұжымшарды басқарып тұрғанда Жұманқұлов Кемелхан деген азамат үйінде балаларды оқыта бастады. 1934 жылы                4-сыныпқа дейін оқытатын шағын мектеп ашылып, онда Қабылхан Мерекенов, Кемелхан Жұманқұлов, Ақанбаев, Қабидолла Жиенбаев сынды мұғалімдер 1938 жылға дейін дәріс береді. 1940 жылы 9 бала төртінші сыныпты бітіреді.

       1945- 1950 жылдары ауылда Мәден Тастанбеков мұғалімдік қызмет атқарды. 1950-1968 жылдар аралығында Мұхаметқан Төлегенов, Күлайса, Смағұл есімді мұғалімдер оқушыларды оқытты. 1968-1970 жылдары Атажанова Қатыш мектепті басқарып,балаларға дәріс берді. 

      1970 жылы Ынталы бастауыш мектебі жабылып, 1975 жылы қайта ашылды. Осы жылғы 1 қыркүйекте Ынталы бастауыш мектебі оқушылар қабылдады, оқушылар саны небәрі жеті бала болды. Сөйтіп, 1 қыркүйек күні Ынталы ауылында тұңғыш рет қоңырау үні естілді. Оқуды жоғары білімді, француз тілінің маманы, аға мұғалім Мәриям Егеубаева жүргізді. 1979-1981 жылдар аралығында сегіз жылдық мектептің директоры болып Сәкен Тұрысбеков тағайындалды. 

        1981-1984 жылдары он жылдық мектеп ашылып, оның директоры болып Адамбеков Тоқмұханбет тағайындалды. Он жылдық мектепті бірінші болып 15 түлек бітіріп шықты. 1984-1985 ж Ынталы орта мектебі оқушыларынан көркем өнерпаздар оркестр құрылып,аудан.облыс,республика көлемінде өнерлерін көрсетіп,теледидпрға шыққан.Көркемдік жетекшісі алғашқы әскри дайындық мұғалімі Қорабаев Абдуали.Оркестр мүшелері Сейдіғалимов Алмас,Көбентаева Мира күй өнерінен лауриат аталса,ән саласынан Басканбаева Қарлығаш лауриат аталды. Ынталы орта мектебінде БҒМ министрінің бекітілуімен Атажанова Қатыш,Шылғаубаева Дари «Аға мұғалім» атағы бар. Осы мектептен Чильдебаева С,Қанағатова О,Атажанова Қ.Жүмекенова Ш сынды білікті де білімді ұстаздар зейнеткерлікке шыққан.

         1984 жылы білім ордасына Жақан Нұрахметов, 1987-1988 жылдары Дәри Шылғаубаева, 1993-2003 жылдары Бейсеш Станбеков, 2003-2006 жылдары Мәулен Адамбеков, 2006-2018жылдары  Жакуов Талғат. 2018 ж жылдан қазіргі уақытқа дейін Басканбаева Сандуғаш мектеп директоры қызметін атқаруда.

         Ынталы орта мектебінде қазір 171 оқушы оқиды, 16 бала мектепалды даярлық тобында білім алуда, шағын орталықта 20 бала тәрбиеленуде.  Мектептен шыққан көптеген шәкірттер қазіргі уақытта аудан,облыс,республика көлемінде басшылық лауазымда отыр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив