Ұлттық ойыннан үздік нәтиже » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойыннан үздік нәтиже
17
апрель
2026
0

Ұлттық ойыннан үздік нәтиже

Ынталы орта мектебінің оқушылары 9, 11 және 13 жас ерекшеліктері бойынша өткен Жетісу чемпионатында тоғызқұмалақтан жекелей сайыста өз бақтарын сынап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға ие болып, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Тоғызқұмалақ – терең ой мен ұқыптылықты талап ететін ұлттық зияткерлік ойын. Осындай жауапты додада оқушыларымыз өздерінің логикалық ойлау қабілетін, төзімділігі мен шеберлігін дәлелдей білді. Бұл жетістік – олардың тынымсыз еңбегі мен жүйелі дайындықтарының жемісі.
Жас спортшыларымыздың жеңісі – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!

Жетекшісі: Жайлаубаев Қайрат. Оқушыларды жарысқа дайындаудағы кәсіби еңбегі мен жанашырлығы үшін жетекшісіне алғыс білдіреміз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив