Тәңір берген тәбәрігім !
ТӘҢІР БЕРГЕН, ТӘБӘРІГІМ ! Ызғарындай лебі кеп күзгі желдің, Тіл дегенде шыр-пыр боп үздігемін. Азаттығы аңқып қанша тұрсадағы, Тілі шұбар неге осы біздің елдің? Салмау-салмау бұлт жылар ма аспандағы, Дала тілі, ол-ЕЛДІК баспалдағы. Пәруана-жүрек, кейуана-көкірегім-ай, Бұл қазақтың таймағай бастан бағы. Тілсіз, дінсіз кетердей ғасыр мәні, Қанша мәңгүрт қалғып жүр қасымда әлі. Сайқал уақыт, санама У сап жатыр, Сілкіп өтші, сұңқар тектім жасындары. Кетпесе екен, ел тозып, іріп іргем, Ұлт