«Көңілді қоңырау: шаттыққа толы үзіліс»
Бүгін мектеп Парламенті «Көңілді қоңырау» атты ерекше әрі қызықты шара ұйымдастырды. Үзіліс уақытында оқушылар белсенді ойындарға қатысып, көңілді музыка мен көтеріңкі атмосфера мектеп ауласын шаттыққа бөледі. Түрлі эстафеталар, жылдамдық пен тапқырлыққа арналған ойындар оқушылардың көңілін көтеріп, мектеп ішінде қуаныш пен күлкіге толы сәттер сыйлады. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, достық қарым-қатынасты нығайту, ортақ ойындар арқылы бірлікті арттыру және