01
сентябрь
2021
Бүгін жарқын да қуанышты күн !
Бүгін Отдела образования по Алаколскому району нде 1 қыркүйек «Кел, балалар, оқылық!» атты білім күні мерекесінің салтанатты жиналысы ойдағдай тәртіппен өтті. Аталмыш мерекелік салтанатты шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтахметов Бейбіт Ерікұлы, сондай-ақ, ауыл әкімі Мамырбеков Рамазан Нұрболатұлы арнайы қатысып, өз құттықтау тілектерін жеткізді. Салтанатты жиналыс 1 сынып оқушыларының әдеби монтажы мен көркемделіп, жыл құсындай қайта оралған әліппе кітабының тұсауы кесіліп, кішкентай бүлдіршіндерге қуанышпен табысталды. Мерекелік жиналыс қатаң түрде санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтады. Тәртіп бұзушылық жағдайлар орын алған жоқ.
2-11 сынып оқушылары жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттарын толық өткізді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілген кезекшілік жоспарға сай жүргізілді.
Баршаларыңызға жаңа оқу жылы толағай табыстар сыйласын!