Ыстық тамақ
Ынталы орта мектебінде оқушыларға ыстық тамақ бекітілген кестеге сай уақытылы берілуде. Асхананың тазалығы жақсы деңгейде сақталып, санитарлық талаптар қатаң бақылауда ұсталады. Тамақтану процесін ұйымдастыру барысында тағамдардың сапасы, мәзірдің тартымдылығы және балалардың жас ерекшеліктеріне сай құндылығы ескерілуде. Асхана қызметкерлері арнайы нұсқаулықтармен таныстырылып, гигиеналық талаптарды орындау бойынша инструктаждан өтеді. Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету