Ақпарат » Страница 9 » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас аяқ допшылар жарысы өтті
13
май
2024
Жас аяқ допшылар жарысы өтті
Ынталы орта мектебінің жасыл алаңында, әкім кубогі үшін өткен ауыл біріншілігіне жас допшылар қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша:  "7 Сынып" командасы чемпион атанса, ал "Бауырлар" командасы мен "Жас ұлан" командалары өзара II, III орындарды бөлісті. Жарыста үздік өнер көрсеткен шабуылшы, қорғаушы, қақпашыларға арнайы марапат беріліп, медал тағылды.
"Бабалардың ерлігіне тағызым" кітап көрмесі
06
май
2024
"Бабалардың ерлігіне тағызым" кітап көрмесі
7 мамыр "Отан қорғаушылар күні" және 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесі аясында, мектеп кітапханасында "Бабалардың ерлігіне тағызым" тақырыбында кітап көрме бұрышы ұйымдастырылды. Кітап сөресінде Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегеге толы бірнеше кітабы "Мен мұндалап" тұрды.
Жеңіс мектеп ұстаздарында
04
май
2024
Жеңіс мектеп ұстаздарында
7 мамыр "Отан қорғаушылар мерекесі" және 9 мамыр"Жеңіс күні" мерекесіне арналған ауыл әкімінің кубогі үшін өткен волейбол жарысында мектеп ұстаздар құрама командасы 1-орын, ауыл жастар командасы 2-орын, ал мектептің оқушылар командасы жүлделі 3 орынға қол жеткізді.
"Таза Қазақстан" акциясы
02
май
2024
"Таза Қазақстан" акциясы
Ынталы орта мектебінде "Таза Қазақстан" акциясы бойынша оқушылар аула тазарту, ескерткіштерді сырлау, бала-бақша алаңындағы бұйымдарды әрлеу жұмыстарын жүргізді. Орта тазалығын сақтау әр азаматтың асыл борышы.
1 мамыр "Халықтар достығы" күні
01
май
2024
1 мамыр "Халықтар достығы" күні
Ынталы орта мектебінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында, бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағын футбол жарысы өтті. Жарысқа мектеп ұстаздары, оқушылар және ауыл жастары белсене ат салысты.
"Бейнелеу өнерінің атасы-Әбілхан Қастев " тақырыбындағы сурет байқауы
24
апрель
2024
"Бейнелеу өнерінің атасы-Әбілхан Қастев " тақырыбындағы сурет байқауы
Бір тұтас тәрбие бағдарламасының   атаулы тұлғалар мерекесіне орай қазақтың заңғар суретшісі Әбілхан Қастевтің 120 жылдық мерей той құрметіне арналған сурет байқауы өтті. Ауқымды байқау Алакөл аудандық орталық кітапханамен бірлесіп өтілді. "Бейнелеу өнерінің атасы-Әбілхан Қастев " тақырыбындағы тамаша сурет байқауына 20-дай жас қыл қалам шебері қатысып, жүлдегерлерге кітапхана ұжымының бағалы марапаттары сыйға берілді.  I орын : Қажыбек. А (9 сынып)  II орын : Жұмағали. К (7 сынып)  II орын:
"Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы" сабақ
18
апрель
2024
"Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы" сабақ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы "Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы" тақырыбында өтті. Бүгінгі таң үшін балалардың интернет желісіндегі алаяқтарға алданбай, дұрыс ақпарат алуы өте маңызды боп саналады.  Ата-аналардың телефондарына да белгісіз адамдар хабарласып, түрлі сұрақтарға жауап алғысы келгені мәлім боп отыр. Әрине, интернет алаяқтарына құрбан болмай, сенімді жұмыс жасап, адал несібе табуды әркім өзіне жауапкершілік ретінде алуы тиіс.
"Әр нәрсенің өлшемі бар" педагогикалық  сабақ
04
апрель
2024
"Әр нәрсенің өлшемі бар" педагогикалық сабақ
     "Бір тұтас тәрбие"  бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан,  "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы"   бойынша негізгі сабақтар кестеге сай өтіліп келеді. Өтілген сабақтардың сілтемесі әлеуметтік желілерге жарияланды. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" бойынша өтілген сабақтың тақырыбы "Әр нәрсенің өлшемі бар".
"Қош келдің, Әз Наурыз"
22
март
2024
"Қош келдің, Әз Наурыз"
Ынталы орта мектебінде "Қош келіпсің, әз наурызым" аттты мерекелік іс-шара өттті. Жеті қазынадай болған, жеті ауыл төрт кезең бойынша байқауға түсті. Ұлы тұлғалардың ессіміменн аталған ауылдар алғашқы кезеңде өздерін таныстырса, ал екінші кезеңде салт-дәстүр бойынша ескіріп бара жатқан салт-дәстрлерді тағы бір мәрте жаңғыртты. Үшінші кезкең ауылдардың безендірілуі бойынша бағаланды. Аал соңғы кезең өнер сайысы бойынша сынға түсті. Жоғары деңгейде өткен іс-шараға ата-аналар өз ризашылдығын