Материалы за Январь 2026 года » Ынталы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ынталы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 2-85-57
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-85-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2026 года
Қардан мүсін жасау – қысқы шығармашылық
06
январь
2026
Қардан мүсін жасау – қысқы шығармашылық
Қыс мезгілінде қардан мүсін жасау – балалар үшін қызықты әрі шығармашылыққа толы іс-шара. Бұл шара барысында оқушылар қиялдарын ұштап, өз идеяларын қар арқылы бейнеледі. Әр мүсін ерекше ой мен еңбектің нәтижесі болды. Қармен жұмыс жасау балаларды бірлікке, шыдамдылыққа және ынтымақтастыққа үйретеді. Шығармашылық пен белсенділікке толы бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қысқы көңілді сәттер ұмытылмас естелікке айналды!
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
05
январь
2026
«Толағай» – отбасы мен бірлікті нығайтатын ойын
Мектебімізде «Толағай» отбасылық ойыны қызықты әрі көңілді өтті. Бұл ойын ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, бір-біріне деген қолдау мен сенімді арттырды. Қатысушылар түрлі сайыстарда белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.  Ойын барысында достық атмосфера қалыптасып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Толағай» – тек ойын ғана емес, отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлікке үндейтін тамаша шара.  Осындай әсерлі кездесулер алда да жалғасын таба берсін!